Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Он миллионнан аса тыңдалым": Тағы бір қазақ азаматының ремиксі әлемнің 20 елінде танымал болды

Опубликовано:

Мадияр
Мадияр Оңалдин. Фото: https://www.instagram.com/monaldin.music/

Қазақстандық Мадияр Оңалдиннің K Maro-ның Femme Like U хитіне жазған ремиксі әлем тыңдаушыларын жаулауда. Қазіргі таңда оның әнші Эмма Питерспен жасаған бұл коллаборациясы Spotify платформасында 10 миллионнан, ал Apple Music-те 12 миллионнан астам рет тыңдалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мадияр Оңалдиннің Эмма Питерспен жазған хиті 2020 жылдың хитіне айналды. Ол кезде бұл трек әлем бойынша Shazam чартындағы 20 елде танылып үлгерген. Ал қазіргі таңда тректің YouTube-тағы жүктелімі 9 миллионға жуық қаралым жинаған.

Айта кетерлік бір жайт, өткен жылы бұл хит Yandex.Music нұсқасы бойынша жылдың үздік электронды трегіне айналған болатын.

Қазіргі таңда Мадияр өзінің жаңа туындыларын жазуда.

Еске сала кетсек, өткен жылдың көктемінде Ұлыбританияның ресми синглдар чартында Ақсу қаласынан шыққан қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Saint Jhn-ның "Roses" композициясына жасаған ремиксі көш бастаған еді. Қазақстандықтың трегі барлық уақыттағы ең көп сұралған үздік әндер қатарына енген болатын.

Композиция "Грэммиге" ұсынылды. Жеңімпаздар онлайн режимде марапатталды. Трансляция YouTube-тегі Recording Academy / GRAMMYs ресми каналында жүргізілді. "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанған Иманбек басты марапатқа ие болды.

Атақты болғанға дейін Иманбек теміржолшы болған, ол музыканы аяқ асты жаза бастаған. Бастамасы сәтті болғаннан кейін Иманбек Usher және Marshmello, Murana, Emma Peters, Stephanskiy, Parah Dice және Don Diablo сияқты танымал әртістермен тректер жазады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926412-on-millionnan-astam-tyndalym-tagy-bir-qazaq-azamatynyn-remiksi-alemnin-20-elinde-tanymal-boldy/

pixel