"Іштарлық деген жаман қасиет”: Дариға Бадықова өзін сынға алғандарға жауап берді
Жарияланған күні:
Отандық танымал актриса Дариға Бадықова өзінің актерлік шебергілін сынап жатқандарға жауап берді. Оған "бірсарынды ойнай бересің" деп айтатын адамдар көбейгенге ұқсайды. Әртістің сөзінше, олардың арасында өнер тізгінін ұстағандар да бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дариға Бадықова өзінің актерлік шеберлігіне қатысты сын айтқандарға Instagram парақшасында жазба арнап, олар жайлы ойын айтты.
"Дариға бірсарында ойнайды" дейді екен. Ел елдің ішінде өнердің тізгінін ұстағандар да бар енді. Не дейін?! “Біткен іске сыншы көп. Іштарлық деген жаман қасиет” десем қалыпты жағдай болайын деп тұр. Шырылдаған шындық қой, өздеріне сол бірсарынды рөл де бұйырмай жүргендер бар Рас! Сондықтан "бірсарынды ойнап кетті, сомдайтын рөлдері бір-біріне ұқсап кетті" деп мені уайымдамаңыздаршы, иә? Мақұл, бірсарынды-ақ болсын, бірақ іш пыстырмайды. Өзімнің ішімде жалаңдаған қызыл ит болмағасын ба, түк түсіне алмаймын ондайды. Қайсыңның ауа-райыңды бұзып қойдым, айналайындар? Көгілдір экраннан көлбеңдеп қайта-қайта шығып, жүйкелеріңе тиіп жатсам, айып етпеңдер", - деп жазды актриса.
Көпшілікке шүйліккен өнер иесі мысал ретінде комедия майталмандарын келтірді. Бадықова бірсарынды деп осындай кісілерді айтса, онда жаман болмағаным деп түйді.
"Ал шындығында, Никулин атам комедияның жілігін шағып, майын ішкен мысалы. Бикен Римова, Әмина Өмірзақова Ғазиза Әбдінабиевалар қандай еді? Егер бірсарынды дегендеріңіз осы кісілердікіндей рөл болса, ойбай бірсарынды-ақ болайын. Бұл кісілердей ойып тұрып орын алған актриса болсам, не арман", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926430-istarlyq-degen-zaman-qasiet-dariga-badyqova-ozin-synga-algandarga-zauap-berdi/