Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Теңіздің қасында неге тұрмасқа": Айгүл Мүкей Түркияға көшуге қатысты жауап берді

Опубликовано:

Айгүл Мүкей
Фото: Instagram/aigulmukei

Қазақстандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей өзінің Түркияға көшейін деп жатқаны жайлы тарап кеткен қауесеттерге нүкте қойды. Ол көпшілік көкейінде жүрген сауалға жауап беріп, өз қалауын айтты. Ақпарат өкілі теңіздің қасында өмір сүруге қарсы емес екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Айгүл Мүкей өзінің Instagram парақшасында айтып берді.

"Түркия. Керемет ел екені сөзсіз. Демалысымыз өте жақсы өтуде, рахаттанып жатырмыз. Мен бұл жерге алғаш рет 2000 жылдардың басында келгенмін. Ал бұл жолы келгенімде бәрі ішіне кіретін демалысты жекелейге ауыстырып тастаған. Бірақ, маған қазіргі жағдай ұнап жатыр. Мен зәулім үйде тұрып жатырмын. Кеше Алла тағаланың мейірімділігіне тағы бір мәрте куә болдым. Түркияның өрт шалған аумағында жаңбыр жауыпты. Өрт өшірілді. Бұл керемет құбылыс.
Айта кетерлігі, мемлекет үкіметі де құр бос отырмай, өздері де жұмыс істеуде. Олар зардап шеккендерге жәрдемақы төлеп, жаңа ағаштарды отырғызу жоспарын құрып тастады. Ағаштар қазан айынан бастап отырғызылмақ. Ал маған қатысты айтатын болсақ, әзірге бұл жерге көшу ойымда жоқ. Алайда, бірнеше қызықты жарнамалық нұсқаларды ұсынатын боламын. Егер мүмкіндігіңіз бен уақытыңыз болса теңіздің қасында неге тұрмасқа (мысалы, зейнетке шыққанда).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926466-tenizdin-qasynda-nege-turmasqa-aigul-mukei-turkiyaga-kosuge-qatysty-zauap-berdi/

pixel