Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев екі қабатты зәулім үйін сатылымға шығарды

Опубликовано:

Балжан
Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev

"KeshYou" тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш пен оның жары Жахан Отарғалиев былтыр ғана кірген су жаңа баспанасын сатылымға шығарды. Бұл туралы Балжан Бидаш өзінің Instagram парақшасына жазды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдызды жұп Балжан Бидаш пен Жахан Отарғалиев өздерінің су жаңа үйлерін сатылымға шығарды. Жалпы көлемі 230 шаршы метр болатын үй 2020 жылы салынған.

Алматы қаласында орналасқан екі қабатты үйге жас жұбайлар былтыр ғана кірген болатын. Алайда өнер иелері үйді сатып, одан түскен ақшаны кинотуынды түсіруге жұмсамақ.

Еске салсақ, осыдан жарты жыл бұрын шаңырақ көтерген отандық актер Жахан Отарғалиев жуырда көпшілік жолдайтын басты сауалға жауап берген болатын. Өнер иесі жары екеуі не себепті балалы болмай жүргендеріне қатысты пікір білдірген-ді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926637-balzan-bidas-pen-zaxan-otargaliev-eki-qabatty-zaulim-uiin-satylymga-sygardy/

pixel