RU

Әйгілі "Сүлеймен сұлтан" сериалында ойнаған актриса қайтыс болды

Сабина
Фото: obovsyom.com

Түркиялық танымал актриса Сабина Тозия 75 жасына қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы Хюррем-сұлтан рөлін сомдаған Мерием Өзерли жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен сені жақсы көремін. Біз үш керемет жобада бірге жұмыс істедік. Кеше сен өмірден оздың. Жүрегім қайғыдан жарылып кететіндей", - деп жазды ол.

Алайда өлімнің себебі нақты айтылмаған. 2021 жылдың басында актрисаға ми ісігі диагнозы қойылғаны белгілі. 

Оған сәтті ота жасалыпты. Алайда денесінің кей бөлігі сал болып қалған.

Сабина Тозия 1946 жылы 17 сәуірде Солтүстік Македонияның Скопье қаласында дүниеге келген.

2011-2014 жылдары көгілдір экранға шыққан "Сүлеймен сұлтан" сериалында Афифе-Хатун рөлін сомдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926757-aigili-suleimen-sultan-serialynda-oinagan-aktrisa-qaitys-boldy/