Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зәрем қалмады": Ләйлә Сұлтанқызының ұлдары оған пранк жасады

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы ұлымен
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарына қалай алданып қалғанын айтып берді. Ақпарат өкілінің перзенттері анасына арнайы пранк жасап, оны ыңғайсыз жағдайға қалдырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының алдау өперациясы қалай өткенін өзінің Instagram парақшасында егжейлі-тегжейлі түрде айтып берді. Бұған дейін балаларының теріс қылығын көрмеген тележүргізуші пранк кезінде тығырықтан шығатын жол таба алмаған.

"Ұлдар бүгін пранк жасады. Түстенуге кешігіп келсем, үстел басында ұлдардың алдында сыра тұр. Жартысы стаканға құйылған, қалғаны бөтелкеде. Кәдімгідей спокойно ішіп отырған сияқты. Түрімнің бұзылғанын көрсеңіз ғой, не айтарымды білмей қалдым. Үлкені маған қарап жымыңдап қояды, бәрі дұрыс па дегендей. Сұрасам, «сыра» дейді. «Дәмі қалай екен?»десем, «жап-жақсы» дейді. Не істерімді білмей қалдым, қорыққаннан ба, қабылдай алмағаннан ба, елдің көзінше не ұрысарымды, не ұрыспасымды білмей қалдым. Бір сәтте өзімді сондай әлсіз сезіндім. Зәрем қалмады. Жалтақ-жалтақ жан-жағыма қарай беріппін, бұл қалай дегендей.
Сөйтсем құрбыларым бала-шағасымен, менің ұлдарыммен алдын-ала келісіп, розыгрыш жасап, менің эмоциямды сыртымнан видеоға түсіріп алғысы келіпті.  Ойлары жүзеге асқанда ғана мойындады ғой. Уф деп жүрегім орнына зорға түсті. Ойлап отырсам, кейде біз аналар эгоистеніп, балаларымызды үлкен өмірге қимайтын (дайындамайтын) сияқтымыз, әр нәрсені естіп, көргеннен кейін де қатты қорқады екенбіз. Өмір бақи бала қасымызда, тек біздің айтқанымызды тыңдап жүреді деп ойлайтын болуымыз керек. Бүгінгі жай ғана жасалған пранк біраз ой салды", - деп жазды Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926813-zarem-qalmady-laila-sultanqyzynyn-uldary-ogan-prank-zasady/

pixel