Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәскеуге қош келдік": Айқын мен Жұлдыз Ресейге ұшып кетті (фото, видео)

Опубликовано:

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали
Фото: Instagram/aikyn

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали Ресейге саяхаттап барып, Мәскеу қаласының әсем жерлерін аралап қайтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерлі-зайыптылар бұл жолы шетелге балаларынсыз, тек екеуі ғана шыққан. Олар өздеріне ерекше демалыс ұйымдастырса керек.

Айқын мен Жұлдыз Instagram парақшаларында асқан белсенділік танытып, оқырмандарына саяхаттары қалай өтіп жатқанын көрсетті. Өнер иелері Мәскеу қаласындағы фото және видеоларын жариялап,, бұл қалаға қатысты қызықты ақпараттармен бөлісті.

Жұлдызды жұп Ресей астанасындағы аса танымал әсем жерлердің барлығын аралап шыққан. Олар Кремль, Горький атындағы саяба пен, мұражайға барды.

Жұлдыз Өмірғали өзінің парақшасында Мәскеуге барудың басты себебін айтты. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар Ресейге жұмыс бабымен түсірілімге барған.

"Әншілер түсірілімге келді. Олардың ішінде бізде бармыз! "Добрый вечер Казахстан" бағдарламасы осы жерде түсіріледі, арғы күні біздің кезегіміз! Жалпы 65 (естуімше) әртіс", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926815-maskeuge-qos-keldik-aiqyn-men-zuldyz-reseige-usyp-ketti-foto-video/

pixel