Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызуым көтеріліп, өзімді әлсіз сезіндім": Гүлназ Жоланова коронавирусқа қарсы вакцина алды

Опубликовано:

Гүлназ Жоланова
Фото: Instagram/zholanova_gulnaz

Отандық шоу-бизнесте вакцина салдырып жатқан жұлдыздар қатарында енді Гүлназ Жоланова да бар. Өнер иесі коронавирусқа қарсы екпеден кейін өзін қалай сезінгенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлназ Жоланова вакцинациядан кейінгі жағдайы туралы Instagram парақшасында сыр шертті. Киножұлдыз бірінші екпені қабылдаған соң, дене қызуы көтерілгенін жеткізді. Оған қоса, актриса өзін аса әлсіз сезінген.

"Вакцина салдырамын деп шештім. Алғашқы күні қызуым көтеріліп, әлсіздік сезіндім. Жалпы жағдайым жақсы. Анам бүгін екіншісін алды.Жақындарымның ауырып жатқанын жиі естіп жүрмін. Арасында өлім де бар. Сақ болыңыздар, ауырмаңыздар” , - деп жазды Жоланова.

Желі қолданушылары өнер иесіне тез сауығып, аяққа тұруын тіледі. Алайда, оқырмандардың коронавирусқа қарсы екпе салдыруға пікірі екі түрлі болып шықты. Бірі вакцинаны қабылдауды толығымен қолдаса, енді бірі түбегейлі қарсы шықты.

Гүлназ Жоланова
Фото: Instagram/zholanova_gulnaz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926857-qyzuym-koterilip-ozimdi-alsiz-sezindim-gulnaz-zolanova-koronavirusqa-qarsy-vakcina-aldy/

pixel