RU

Алматыда дәмхананың ашылуына қатысқан Бүркітке айыппұл салынды

Бүркіт. Айбек Жансейітов
Фото: Instagram/berkut_aibekjan

Алматыда дәмхананың ашылуына орай ұйымдастырылған ауқымды шараға қатысқаны үшін кезекті қазақстандық жұлдыз жазаланды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың хабарлауынша, бұл жолы айыппұл әнші Бүркітке салынған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байғабыловтың сөзінше, Алматыдағы Медеу ауданына қарасты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында әнші Бүркітке әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұл 30 МРП көлемінде, яғни 87,5 мың теңге.

"Медеу ауданы полиция басқармасының қызметкерлері мониторингтік топтар аясында шараның басқа қатысушыларына қатысты тиісті жұмыс жүргізуде. Оларға да әкімшілік шаралар ұолданылатын болады", - деді Байғабылов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926891-almatyda-damxananyn-asyluyna-qatysqan-burkitke-aiyppul-salyndy/