Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мінсіз мүсінді Динара Сәтжан ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Қазақстандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан желіде жаңа суретін жариялап, ерлер қауымын өзіне қаратты. Қалың көпшілік ақпарат өкілінің талдырмаш мүсініне тәнті болып, өз пікірлерін жаудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан Instagram парақшасында жаңа жазба жариялап, вакцинациялау тақырыбын көтерді.

Тележүргізуші Олимпиадаға қатысқан әр спортшының екпе салдырып, оның үстіне елге медальмен оралғанын алға тартты.

Ол танымал иммунологтың сөздеріне сүйене отырып, вакцинацияның артықшылығын атап өтті. Ақпарат өкілі екпе салдыру қауіпті инфекцияның алдын ғана алып қоймай, шектеу шаралының алынып тасталуына елеулі түрде септігін тигізетінін жеткізді.

Алайда, Динара Сәтжанның көтерген тақырыбынан гөрі, көпшілік оның жаңа суретіне ерекше назар аударды. Әсіресе, ерлер қауымы тележүргізушінің мінсіз мүсініне тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірді.

Фотода Сәтжанның гүлдердің арасында аяғын жалаңаштап тұратын сары түсті көйлекпен отырғанын көруге болады.

"Фото керемет. Недеген фигура", "Осындай жаста мынадай дене сымбатына ие болу үлкен жетістік", "Қандай сұлусыз", "Қандай әдемілік. Гүлдердің арасында гүл болып отырсыз ғой", "Сұлу бикеш. Жылдар өткен сайын одан бетер сұлу болып бара жатыр", "Мына фотоны қарай бергің келеді. Көзімді ала алмай отырмын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926896-minsiz-musindi-dinara-satzan-erler-qauymyn-esten-tandyrdy-foto/

pixel