Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үндемей келдім": Отандық жазушы қыз бұрынғы күйеуінен қорғану үшін көптен көмек сұрады

Опубликовано:

Екатерина Алимп-Даниленко
Фото: instagram.com/aikatepina/

Қазақстандық жас жазушы Екатерина Алимп-Даниленко әлеуметтік желіде көптен көмек сұрады. Айтуынша, оған бір жыл бұрын ажырасып кеткен күйеуі күн көрсетпей келеді. Ол өзінің бұрынғы күйеуінен көрген қорлығы туралы Instagram желісінде ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Екатерина өзінің желідегі парақшасында басынан өткен оқиғаны ашық айтып, бұрынғы күйеуінен "қорлық" көрдім деп мәлімдеді.

"Репост жасап, қолдап жіберіңіздерші. Көптен бері үндемей келдім. Өзім реттеуге тырыстым. Бірақ айтатын уақыт келді. Желідегі жайдары, бақытты суреттердің артында көп жағдайда жан азабы, қорқыныш, шарасыздық жасырынып жатады. Абъюз. Мен үнемі бұл тақырыпты айналып өтуге тырысатынмын. Бірақ өзім абъюзердің жұбайы болдым. Ол менің әр қадамымды аңдып, менің айналамдағы адамдарды зерттеп, ішіп алып, ұрыс-керіс шығаратын. Қатты "кеткенін" түсінгенде сыйлықтар әперіп, кешірім сұрайтын, жылайтын", - дейді әйел.

Әйелдің айтуынша, ол баламен үйлде отырғандықтан күйеуіне тәуелді болып келген.

"Оған тәуелді болуым үшін қолынан келгенді жасады. Декретте отырып, қаржы жағынан оған тәуелді болдым. Мен мәңгі бірге болатын бақытты отбасы туралы қиялымды жүзеге асырмақ болып, сондай отбасыда өмір сүріп жатқанымдай кейіп танытатынмын. Былтыр тағы бір сондай кезекті жанжал кезінде жылап жатқан қызымның көзінше "киімдеріңді жинап, үйімнен кетіңдер" деді. Сол кездегі басымнан өткен жағдайлар туралы айтқым келмейді. Ажырастым. Ақша табуды қайта үйрендім. Қызыма әкесінің бұл әрекеттерінен алған жан жарақатын жазуға көмектестім. Өзімнің өмірлік мақсатымды жақсы білемін.

Менің өмірім маған ғана тиесілі және өзіме ғана сенемін. Бірақ проблема әлі де бар. Ол менің артымнан қалмайды. Ізімді аңдып жүреді. Кешке келіп, подъездің алдында күтіп тұруы мүмкін. Менімен байланысқа түскен кез келген адамға өлтіремін деп қоқан-лоққы көрсетеді. Жуырда менің танысым да оның қоқан-лоққысына тап болды. Қазір ол "Катяға бостандық" деген атаумен челлендж жасап жатыр. Мені қолдап, жазбамды бөліссеңіздер, риза боламын", - деп жазды ол.

Оның бұл жазбасын оқығандар келіншекті қолдап, көмек беруге дайын екенін жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927009-undemei-keldim-otandyq-zazusy-qyz-buryngy-kuieuinen-qorganu-usin-kopten-komek-surady/

pixel