Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдайдан сұрап алған балам": Меруерт Түсіпбаева ұлын туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева ұлымен
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева ұлын жаңа жасымен құттықтап, желіде оған деген аналық ақ тілегін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі баласының жеке мерекесіне орай Instagram парақшасында оған әсерлі жазба арнады. Эстрада жұлдызы онда перзентінің дүниеге келген сәтін есіне алып, ақ тілегін жолдады.

Айта кетерлігі, бүгінде Түсіпбаеваның ұлы АҚШ-тың Майами қаласында жүр. Әншінің сззінше, баласы 20 жасын шетелде атап өтуді жөн көрген.

"Балам, 20 жасың құтты болсын! 20 жыл бұрын сен дүниеге келгенде, дәрігерлер мені жансақтау бөліміне жіберіп, сені әжеңнің қолына ұстатқан еді. Наркоздан ояна салып, сені іздегенмін. Мен сені алғаш көрген сәттен-ақ жанымдай жақсы көргенмін. Бетіңе үңіліп, шынымен мен ана атандым ба? Мынау менің балам ба деп өзіме разы болғаным есімде. Досым куә, сен сәл ауырып қалсаң, өліп қалады деп қорқып, жедел жәрдем шақыратынмын. Уақыт қандай жүйрік.
Құдайдан бір, адамнан бір жалынып сұрап алған, көзімнің ағы мен қарасы, бір тал балам, жорытқанда жолың болсы!! Майами уақыты бойынша, сені ертең құттықтаймыз. Жақсы тілек көптік етпейді. Ең бастысы - аман бол! Бақытты бол!! Өз жолыңды, өз бағыңды табуға нәсіп етсін, Аллах жар болсын", - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Желі қолданушылары бірден әншінің тілегіне қосылып, туған күн иесін бірінен соң бірі құттықтап жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927011-qudaidan-surap-algan-balam-meruert-tusipbaeva-ulyn-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady/

pixel