Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған қиын болды": Рухия Байдүкенова ата-анасының өнерге баруына қарсы болғанын айтты

Опубликовано:

Рухия
Көрнекі сурет: instagram.com/ruhiya.baidukenova/

Беларусь елінің Витебск қаласында өткен "Славян базары" байқауының Гран-При иегері Рухия Байдүкенова өз отбасының өнеріне деген көзқарасы туралы айтып берді. Бұл туралы әнші "Хабар 24" телеарнасына берген сұқбатында баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рухияның айтуынша, атасы Байдүкен немересінің өнерін қолдап, әрі қарай жалғастырғанын қалаған. Себебі, атасының өзі өнерге жақын, тіпті кезінде консерваторияда оқыған кісі болған.

"Ол кісінің анасы да ән айтқан. Тұрмысқа шыққандықтан, ән айтпай қойыпты. Туыстарымның барлығы тұрмысқа шыққаннан кейін, әніңді тастап кетпе деп айтады. Атаңның арманы сол дейтін. Атамның өзі де консерваторияда оқыған. Бірақ соғыс басталғандықтан, оқуын тастап кеткен екен. Домбырашы, күйші болған, ән айтатын болған. Сол кісінің дарыны маған дарыған", - дейді Рухия.

Атасы өнерге жақын болғанымен, Рухияның ата-анасы қызының әншілік жолды таңдауына қарсы болған.

"Менің отбасым өнерді түсінетін адамдар. Не жақсы, не жаман екенін айыра алады, былайша айтқанда. Өнерге келгенде талғамы бар. Бірақ өнерге барғанымды қаламады. Бұл басында маған қиын болды. Бірақ, осы "Славян базарына" барарда әкем ақ батасын берді. "Абыроймен жүрсең болды" деді", - дейді әнші.

Еске салсақ, бұған дейін 22 жастағы қазақстандық Рухия Байдүкенова Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен "Славян базары" байқауындағы жеңіске жеткен болатын.

Оған ХХХ Халықаралық өнер фестивалінің жабылу салтанатында "Лира" сыйға тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927083-magan-qiyn-boldy-ruxiya-baidukenova-ata-anasynyn-onerge-baruyna-qarsy-bolganyn-aitty/

pixel