Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тиматидің бургер орталығының ашылуына қатысқан тағы бірнеше жұлдызға айыппұл салынды

Опубликовано:

Бургер
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда ресейлік рэп орындаушы Тиматидің бургер орталығының ашылуына қатысқаны үшін тағы бірнеше отандық жұлдызға айыппұл салынатын болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловқа сілтеме жасап.

Алматының санитарлық дәрігерлері полицейлермен бірлесіп, Royal Tulip қонақ үйінің аумағында Black Star Burger орталығының ашылуына арналған іс-шара фактісі бойынша тексерісті жалғастырып жатыр.

Мейрамхананың ашылуына қатысқаны үшін айыппұл салынатын тағы бес адамның есімі аталды. Оның ішінде блогерлер Мейіржан Төребаев пен Дана Есеева, әнші Рано Умарова бар.

"Карантиндік шектеу талаптарын бұзғаны үшін Төребаев М. М., Есеева Д. С., Умарова Р. М., Биғалиева Л. А., Мейстер К. А-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды", - дейді Сәдуақас Байғабылов.

Аталған бап бойынша 30 АЕК мөлшерінде (87 510 теңге) айыппұл салу қарастырылған.

Еске сала кетсек, жақында ғана Алматыдағы Royal Tulip қонақ үйінің маңында ресейлік рэп орындаушы Тиматидің Black star burger орталығы ашылған еді.

Іс-шараға қазақстандық өнер жұлдыздары, соның ішінде әнші Луина, Бүркіт пен Аиша да қатысқан болатын. Оларға 30 АЕК айыппұл салынды.

Болған жайтқа қатысты Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов та пікір білдіріп, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927143-timatidin-burger-ortalygynyn-asyluyna-qatysqan-tagy-birnese-zuldyzga-aiyppul-salyndy/

pixel