Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көргенсіздік": Әйелімен сүйіскен Айқын елден оңбай сөз естіді (фото)

Опубликовано:

Айқын мен Жұлдыз сүйісіп тұр
Фото: Instagram/qaz.stars

Желіде Айқын Төлепбергеннің келіншегімен сүйісіп тұрған фотосы тарап кетіп, ел ашуын тудырды. Қалың көпшілік ерлі-зайыптылардың қылығын ас ерсі санап, оларды аяусыз сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің шу тудырған фотосы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Суретте ерлі-зайыптылардың сүйісіп тұрғанын көруге болады.

Махаббаттарын қалың көпшілікке көрсеткен жұлдызды жұптың бұл әрекеті желідегілер арасында қызу талқыланды. Оқырмандар қос әншінің қылығын аса ерсі деп есептеп, оларға сыни пікірлерін қарша жаудырды.

Желі қолданушылары Айқын мен Жұлдыздың сезімдерін аса ашық түрде паш еткені үшін шүйліккен. Оған қоса, жұртшылыққа олардың артында тұрған сурет те ұнамай қалған.

"Өте ұят. Енді осындайды да салу керек пе?", "Барып тұрған көргенсіздік. Бала-шағамынан ұялмайды ма?", "Арттағы картинаны түсінбей тұрмын, енді сүйісуді салатын болған ба", "Бірінші әйелі мен перщенттерінің құрметіне бұлай істемеу керек еді", "Арсыздық", "Не деген заман болып кетті? Бұлар сонда мазақ қылып тұрганыма", "Біздің жұлдыздар карантинде не істерлерін білмейтін болып, енді махаббаттарын осылай жария ететін болғанба", "Не сұмдық бұл? Үлгі тұтарлық қылық па енді осы?", "Ұят жағдай. Артындағы сурет бөлек әңгіме. Ал әртістердің тірлігі мынау", - деп ашуланды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927293-korgensizdik-aielimen-suiisken-aiqyn-elden-onbai-soz-estidi-foto/

pixel