Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше образдағы Мадина Сәдуақасова елді өзіне қаратты (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова жанкүйерлерін жаңа ерекше образдарымен тағы да таңғалдыруда. Өнер иесі желіде соңғы фотосессиясымен бөлісіп, өзін жаңа қырынан көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова түрлі образдарды көріп, өзгерістен қорықпайтын жұлдыздар қатарына жататынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында соңғы фотосессиясының нәтижесімен бөлісіп, оқырмандарын қуантты.

Өнер иесі онда мүлдем өзгеше кейіпте бой көрсетіп, көпшілікті таңғалдырған. Оның ерекше образдары бірден желі қолданушыларының назарына ілікті.

Әншінің жанкүйерлері аталмыш фотоларды қызу талқылап, оған қатысты өз ойларымен де бөлісе кетті. Бірі Сәдуақасованың стилін жоғары бағаласа, енді бірі керісінше оны сынға алған.

"Сізге бәрі жараса кетеді екен", "Сұлусың Мадина. Өзгеруден, жаңашылдықтан қорықпайсың. Сол үшін қатты сыйлаймын", "Көптеген қыз-келіншектерге нағыз мотивация өзіңіз болдыңыз", "Жараспайды. Адам жасына сай киінгені абзал болар еді", "Сізді мұндай образда көріп көз үйренбеген екен", "Бір түрлі болып қалыпсыз", "Меніңше, Мадинаға бәрі жарасады. Образдарыңыз ерекше әрі қайталанбас", - деп жазуда көппшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927298-erekse-obrazdagy-madina-saduaqasova-eldi-ozine-qaratty-foto/

pixel