RU

"Айналшықтап қасынан шықпадым": Ерке Есмахан сүйіктісін кімнен қызғанып қалған

Ерке Есмахан Азамат Зенкаевпен сахнада
Видеодан кадр: Instagram/erke_esmahan

Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан өзге әріптестері секілді Мәскеуге "Қайырлы кеш, Қазақстан" бағдарламасының түсіріліміне ұшып барған. Бұл жолы әнші ару жұмыс сапарына сүйіктісі Азамат Зенкаевпен бірге аттанған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram парақшасында Ресей астанасында күндері қалай өтіп жатқанымен бөлісіп, Мәскеудегі қызықтарын айтты.

"Жаңбырлы Мәскеуден жалынды сәлем. Мәскеуге жұмыс барысымен жол түсті. Біраздан бері көрмеген әріптестеріммен бір ұшақта көңілді ұшып келдік. Уақыттың әр сәті керемет өтіп жатыр. Мәскеуде адам көп. Маскалы режим де, арақашықтық та сақталмайды. Карантин шаралары біздікімен салыстырғанда жеңілдеу сияқты", - деп жазды ол.

Өнер иесі желіде оқырмандарына барынша ашылып, ол жерде тіпті ғашығын өзге қыздардан қызғанып қалғанын айтып берді. Ол түсірілім кезінде сахнадағы сүйіктісінің шашын сәндеп жатқан видеосын бөлісті.

"Орыс қыздарға жігіт менікі екенін білдіріп, өтірік шашын дұрыстап, айналшықтап қасынан шықпадым, әйтеуір. Әшейінде шашымен шаруам жоқ", – деп бөлісті Ерке.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927299-ainalsyqtap-qasynan-syqpadym-erke-esmaxan-suiiktisin-kimnen-qyzganyp-qalgan/