Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет: Махаббат деген қосылмай кетуге де шыдау

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет желіде аса ерекше жазбамен бөлісіп, қалың көпшілікті ойландырып қойды. Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы жары соңғы уақытта махаббат тақырыбын жиі көтеретін болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram желісіндегі Stories бөлімінде әсерлі диалог жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Өнер иесі махаббат пен жұп болудың айырмашылығын түсіндіруге тырысқан.

"Махаббат деген не? Қосылмай кетуге де шыдау. Жұп болу деген не? Жалғыздықты сезінбеу. Демек, екеу екі түрлі ұғым. Екеуі де бұйырғандар - тағдырдың сәтті адамдары", - деп жазды актриса.

Желі қолданушылары әнші арудың соңғы жазбалары тек махаббат тақырыбына арналғанын байқап қалды.

Сонымен қатар, Ақбота Сейітмағамбет бұған дейін мұңға толы жазба жариялап, елді қатты алаңдатып қойған болатын. Ол кезде әртіс баянсыз махаббат туралы сөз қозғаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927302-aqbota-seiitmagambet-maxabbat-degen-qosylmai-ketuge-de-sydau/

pixel