Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағы да ұлды болды": Артур Төлеповтың екінші перзенті дүниеге келді

Опубликовано:

Артур Төлепов жарымен
Фото: Instagram/arturtolepov

Отандық танымал актер Артур Төлепов екінші мәрте әке атанды. Өнер иесінің жары оған тағы да ұл бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бақыттан басы айналған жас ата-ана бұл қуанышты жаңалығымен Instagram желісінде бөліскен. Олар қалың көпшіліктен сүйінші сұрап, ұлды болғандарын хабарлады.

"Сүйінші! Алланың қалауымен бүгін екінші перзентіміз дүниеге келді.  Серхио, Қола или ТөреМұхаммедАлиФернандо қош келдің" , – деп қалжыңдап жазды актер.
"Екінші рет ана бақытын сыйлап жатқан Аллаға сансыз шүкір! Құттықтауларыңызға көп рахмет", - деп жазды Мадина Төлепова.

Желі қолданушылары бірден ерлі-зайыптыларды құттықтап, жаңа туған сәбиге өз ақ тілектерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927366-tagy-da-uldy-boldy-artur-tolepovtyn-ekinsi-perzenti-duniege-keldi/

pixel