Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асылхан Төлепов өзінің лақап атын жаңа туған ұлына қойды

Опубликовано:

Асылхан Төлепов
Асылхан Төлепов. Фото: instagram.com/assylkhantolepov/

"Жаужүрек мың бала" атты кинотуынды арқылы көпшіліктің сүйікті актеріне айналған Асылхан Төлеповтің жуырда екінші сәбиі дүниеге келді. Актердің айтуынша, бұл жолы ұлының есімін өзі қойған. Бұл туралы ол Тимур Балымбетовтің "Er-Batyr" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұдан бірер апта бұрын екінші рет ұлды болған Асылхан Төлепов бұл жолы атұстарының есімім өзі қойған екен. Сұқбат барысында ол ұлына Ақан деген есімді бергенін айтып, оның мәнін түсіндіріп берді.

"Үйдегілер бірауыздан атын өзің қой, деді. Атым Асылхан. Бірақ кішкентайымнан туыстарым, нағашыларым Ақан деп еркелететін. Ақан, Ақантай, Аханович деп айта беретін. Айта берсе көп.

Мысалы, нағашы әжем әлі күнге дейін "Ақантайым, Ақаным" дейді. Маған өзіме осы ат қатты ұнайтын. Кейін ер жеттік. Үлкен жобаға түстік. Ол жобада режиссер Ақан Сатаев ағамыз болды. Өте керемет, иманды жан. Өз мамандығының нағыз хас шебері. Соның бәрін ойлана келе ұлымның атын Ақан деп қойдым", - дейді Асылхан.

Еске салсақ, Асылхан Төлепов пен оның жұбайы Айсұлудың бірінші ұлының есімі - Алпамыс.

Айта кету керек, бұл сұқбатында актер өзінің депутат болған кезін еске алды. Оның сөзінше, 2016 жылы депутаттық қызметке бел шеше кіріскен ол көптеген наразылықтарға, қиындықтарға тап болатынын білмеген.

Бұған дейін халықтың сүйікті актері болып келген Төлеповті халық депутат болғаны үшін сөге бастаған. Бұл жайт, әсіресе, анама ауыр тиді, дейді актер.

Бұдан бөлек, бағдарлама кезінде актер атышулы ломбардты жарнамалауда жіберген қателігі, жұбайымен алғашқы таныстығы және базарда банан сатып, күн көрген кезі туралы да айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927371-asylxan-tolepov-ozinin-laqap-atyn-zana-tugan-ulyna-qoidy/

pixel