Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Несие алдым": Джуринскаяның күйеуі сүйіктісіне ұнау үшін қарызға белшесінен батқан

Опубликовано:

Джурин
Жұлдызды жұп - Жәния мен Данияр. Фото: instagram.com/djurinskaya/

Әлеуметтік желіде танымал жұлдызды жұп Жәния Джуринская мен оның жары Данияр Хизметов Динара Сәтжанның "100 сұхбат" бағдарламасында жеке өмірі, өзара қарым-қатынасы және алғашқы таныстығы туралы баяндады. Даниярдың айтуынша, Жәнияның көңілінен шығу үшін ол несие алып, қарызға белшесінен батқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгінде көпшіліктің сүйікті жұбына айналған ғашықтар өздерінің қарым-қатынасы туралы ашық айтады. Мәселен, Данияр сүйіктісіне жағу үшін бастапқыда 5 миллионнан астам қаражаты кеткенін жеткізді. Бастапқыда оған 3 миллионын жұмсаса, уақыт өте келе тағы да ақша керек болып, ол несие алған екен. Осылайша, ол өзінің Жәнияға лайық екенін дәлелдеп, оның сеніміне кірген.

"Қарызға белшесінен батса да, менің өмірімнің осы кезеңін әдемі ету үшін барын салды", - дейді Жәнияның өзі.

Жәния мен Данияр отбасы құрмас бұрын алдымен бірге тұрып, бір-біріне сәйкес келетінін немесе келмейтінін тексеріп алған. Сонымен бірге, олардың қарым-қатынастары дәл карантин уақытына тұспа-тұс келген екен. Карантин кезінде жұлдызды жұп бірге түрлі қызықты роликтер түсіріп, жұртқа ұсынып жүрген.

"Ол шетелден келген соң біз кездесе бастадық. Одан кейін бірге тұру туралы шешім шығардық. Себебі, біз қарым-қатынасымыз шынайы екенін түсіндік. Ал пәтерге кірген күннің ертеңінде елде карантин жарияланды. Сондықтан, өстіп қалып қойдық", - деп ағынан жарылды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927521-nesie-aldym-zaniya-dzurinskayanyn-kuieui-suiiktisine-unau-usin-qaryzga-belsesinen-batqan/

pixel