Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасылық өмірде тәжірибем мол": Айдарқұловтың жазбасы елге жақпай қалды

Опубликовано:

Дәурен Айдарқұлов
Фото: Instagram/daurenaidarkulov

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов желіде өзі жайлы қысқаша анықтама беремін деп елден оңбай сөз естіді. Екі бірдей әйелімен ажырасқан актер отбасылық өмірде тәжірибесі мол екенін айтып, сынға қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өзім жайлы қысқаша: отбасылық өмірде тәжірибем мол. Балаларын жақсы көретін әке. Бойдақпын" , – деген жазба қалдырды Айдарқұлов Instagram парақшасында.

Желі қолданушыларының басым бөлігіне Дәуреннің бұл сөзі жақпай қалды.

"Құрбан. Еркектер ажырасқаннан кейін осы себепті де құрбан болып шығады. Балаларын жақсы көретін әке. Бойдақ", "Кешьюде жаңа поступление ма?" "Бір отбасымен мәңгі болсаңыз, тәжірибе деп соны айтады. А былай сіздікі көңіл көтеру", – деп сынады олар.

Екінші бір топ оқырмандар Дәуреннің жақсы актер екенін, ал жеке өміріне келгенде кінәнің екіжақты болатынын айтып, оны ақтап алуға тырысты.

"Мықты актер", "Еще мейірімді жігіт", "Жеке өмірі қызықтырмайды, жақсы актер", "Қателік біржақты болмайды, қыздардан да бар шығар", "Дәурен жақсы адам, түрінен көрініп тұр", – дейді оқырмандар. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927559-otbasylyq-omirde-taziribem-mol-aidarqulovtyn-zazbasy-elge-zaqpai-qaldy/

pixel