Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет: Түсініксіз әрі мағынасыз қарым-қатынастан қорқамын

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет желіде оқырмандарына барынша ашылып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі қазіргі уақытта жеке өмірінде не болып жатқаны жайлы бар шындықты айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram парақшасында сауалнама ашып қойып, жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап бере бастады. Желідегілердің басым көпшілігін актрисаның жеке өмірі қызықтырды. Олар жалғызбасты ананың сүйіктісі туралы сұрай берді.

Айдарқұловтың бұрынғы әйелі бұл сұраққа қысқа да нұсқа жауап берді.

"Көп адам жалғыздықтан қорқады. Ал мен түсініксіз әрі мағынасыз қарым-қатынастан қорқамын. Ал қазірге: Атты мен жаяудың сәлемі жараспас деген әңгіме болып тұр. Жан дүниеммен егіз жаралған сыңарымды Алла нәсіп етсе табармын уақыты келгенде" , - деп жазды Ақбота Сейітмағамбет.
Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy

Сонымен қатар, шоу-бизнес жұлдызы адамдадың бойында қандай қасиеттерді аса қатты бағалайтынын айтып берді. Ол үшін тазалық, шынайылық пен табандылық бірінші орында тұратын болып шықты.

Ақбота Сейітмағамбет бұл өмірден үлкен сабақ алғанын да жасырмады. Сол себепті әнші ару енді тек қана әрекетке мән беретінін алға тартты.

Ақбота Сейітмағамбеттің Stories-і
Скриншот: Instagram/akbotanurabaykyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927571-aqbota-nur-seiitmagambet-tusiniksiz-ari-magynasyz-qarym-qatynastan-qorqamyn/

pixel