Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жоғалтып алғанда бағалай бастайды": Әсел Асқар бұрынғы күйеуі өкініп жүргенін айтты

Опубликовано:

Әсел Асқар
Фото: Instagram/assel.askar

Отандық танымал актриса Әсел Асқар бұрынғы күйеуімен қазіргі таңда қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, жолдасы бүгінде онымен айырылысып кеткеніне қатты өкінуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Әсел Асқар өзінің Instagram парақшасында айтты. Шоу-бизнес жұлдызы оқырмандарынан ағынан жарылып, ішіндегі жан сырын ақтарды.

"Иә, өте қатты өкінеді. Алам баласы жоғалтып алғанда бағалай бастайды ғой. Осы төрт айға созылған жағдай оның да, менің де өсіміме нүкте болатынына қуаныштымын" , - деп жазды актриса.
Әсел Асқардың Stories-і
Скриншот: Instagram/assel.askar

Сонымен қатар, жалғызбасты ана бұрынғы күйеуімен бүгін қандай қарым-қатынаста екенін жеткізді. Әсел Асқар болашақ баласының әкесімен тек "іс бойынша" ғана хабарласып тұратынын алға тартты.

"Сөйлесу деген мен үшін басқа нәрсе. Мысалы, себепсіз қоңыраулар, ұзақ сөйлесу, жиі кездесу. Ал біз болсақ тек "іс бойынша" ғана хабарласамыз", - деді ол.
Әсел Асқардың Stories-і
Скриншот: Instagram/assel.askar

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927576-zogaltyp-alganda-bagalai-bastaidy-asel-asqar-buryngy-kuieui-okinip-zurgenin-aitty/

pixel