Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еш өзгермеген": 20 жыл бұрынғы видеосын бөліскен Әли Оқапов елді тәнті етті

Опубликовано:

Әли Оқапов табиғат аясында
Фото: Instagram/aliokapov

Қазақстандық танымал әнші Әли Оқапов бала кездегі естелігімен бөлісіп, елді сүйсінтті. Роза Рымбаева желіде шамамен 20 жыл бұрын сұхбат берген сәтін жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әли Оқапов бала күнгі видеосын Instagram парақшасына жүктеп қойған. Бейнежазбада ол анасы Роза Рымбаева жайлы сыр бөліскен.

"Қайда барса да, барлығы оны таниды. Бірақ әркез емес. Сахнаға ол үнемі боянып, көйлек киіп шығады. Күнделікті боянып жүре алмайды ғой, қарапайым адам сияқты жүреді. Бірақ сонда да оны танып қояды", – деген екен бала Әли.

Желі қолданушылары Әлидің 20 жылда еш өзгермегенін атап өтті. Қалың көпшілік Әлидің асқан тәрбиелігі мен тектілігінғ тәнті болды. Сөйлеу мәнерінің бала кезден қалыптасқанына таңырқаған фанаттар оның видеосына сүйсінді.

"Шал, еш өзгермепсің", "Кішкентай болсаң да, ересек адамның сөзі", "Сондай тәтті және ересек", "Болар бала жасынан", "Өте әдепті бала, әлі де сондай", “Сөйлеу мәдениеті сол кезде қалыптасқан”, – деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927626-es-ozgermegen-20-zyl-buryngy-videosyn-bolisken-ali-oqapov-eldi-tanti-etti/

pixel