Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова ұйықтар алдында өзін қандай ойлар мазалайтынын айтты

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова түнде ұйықтай алмай жүргенін ашық айтты. Ұйықтар алдында өнер иесін түрлі ойлар мазалайтын болып шықты. Олардың кейбірімен әнші өзінің Instаgram парақшасында бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова желіде жанкүйерлеріне барынша ашылып, өзінің соңғы кезде қандай жағдайларға аса қатты алаңдап жүргенін айтып берді.

"Ұйықтардың алдында адамға неше түрлі ой келе береді. Жаз да бітейін деп қалды. Әнуар 1-классқа барады, қалай болады екен? Онлайн? Оффлайн? Жаңа әндер шығады, оған клип түсірейін ба? Кіммен дуэт айтсам екен? Ауғанстандықтар байғустар - ай. Талибтардан Құдай сақтасын. Ковид өршіп жатыр. Тұрсынбек құрдасым, құдай ау не болып жатыр екен? Инстаграмға жарым түнде ойларымды жазсам қалай болады екен", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Желі қолданушылары өнер иесіне уайымға салынбай, көп нәрсені ойлай бермей ұйқысын дұрыстауға кеңе берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927719-madina-saduaqasova-uiyqtar-aldynda-ozin-qandai-oilar-mazalaitynyn-aitty/

pixel