Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр өңірге бір мектеп": Jah Khalib ауыл балалары үшін мектеп салатынын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Instagram/jahkhalib

Танымал қазақстандық рэпер, хип-хоп орындаушысы, Jah Khalib атымен танылған әнші Бахтияр Мамедов еліміздің он төрт облысында ауыл балаларына мектеп ашатынын мәлім етті. Бұл туралы ол Fametime Tv You Tube арнасына берген сұқбатында айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ресейлік танымал тележүргізуші Лаура Джугелияға берген сұхбатында отандық әнші заманауи мектептерді салу үшін, оған әлі де қаражат жинау керектігін жеткізді.

"Менің өмірімдегі мақсаттарымның бірі – балаларға мектеп салып беру. Қазір ақша жинап жатырмын. Бұл үшін маған көп қаражат керек, себебі мен бір емес, бірнеше мектеп, нақтырақ айтқанда Қазақстанның әр өңірінде, яғни облыста бір-бір мектептен салып бергім келеді.
Оған қатысты өз жоспарларым да бар. Қазір тіпті бұл мектептерді Қазақстанның қай ауылдарында салатынымды да жоспарлап жүрмін", - дейді танымал рэпер.

Әнші, сондай-ақ әр мектептің құрылысына қанша қаражат жұмсайтынын да атап өтті.

"Мен хай-тек стиліндегі мектеп салғым келеді. Олардың әрқайсысының құрылысына шамамен миллион немесе 800 мың АҚШ доллары керек болады. Мектептерді серіктестермен бірге салатын боламыз. Бұл мақсатымды жасым 40-қа тақағанда жүзеге асырамын деп ойлаймын. Жаңа айтқанымдай бұған қатысты менің жоспарларым көп", - дейді рэпер.

Сұқбат барысында Jah Khalib жасы қырықтан асқан шағында Алматыға қайтып оралатынын да атап өтті.

"Украинада пәтеріміз, Алматыда үйіміз бар. Алдағы уақытта Мәскеуге қоныс аударуды да жоспарлап жүрмін. Бірақ 40-тан асқан соң, жалпы қартайған шағымда Алматыға қайтып ораламын. Бұл менің туған қалам, елім, ата-анам тұрған қала", - дейді ол.

Айта кетейік, Jah Khalib көпшілікке "Лейла", "Медина" әндерімен танылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927729-ar-onirge-bir-mektep-jah-khalib-auyl-balalary-usin-mektep-salatynyn-malim-etti/