Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қос ұлымен түскен суретін жариялаған Мөлдір Әуелбекова елді сүйсіндірді (фото)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова ұлдарымен
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова қалың көпшілікке қос ұлын көрсетті. Өнер иесі желіде перзенттерімен түскен суретін жариялап, елді тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде екі ұлымен түскен суретін бөлісіп, оқырмандарын бір қуантып алды.

Фотода әншінің қос қанатымен тұрғанын көруге болады. Бірақ, өнер иесі перзенттерінің түрін жауып қойған.

Желі қолданушылары Әуелбекованың суретіне сүйсініп, оған жылы лебізін білдірген. Көпшілік кіші ұлының кімге ұқсайтынын білгісі келіп, одан сәбиін қашан көрсететінін сұрады.

Алайда, әртіс жанкүйерлеріне әзірге нәрестесін көрсетуге дайын емес көрінеді.

Кейбір оқырмандар Мөлдірге тезірек тағы да балалы болып, ұлдарына қарындас сыйлауын тіледі.

"Көз тимесін", "Керемет жанұя", "Балапандарыңыздың қызығын көре беріңіз", "Енді қос ұлдың артынан қыз бала ерсін", "Тағы да балалы болуды нәсіп етсін", "Кіші ұлыңыз кімге тартты екен? Жолдасыңызға ұқсайтын секілді", "Сәбиіңізді қашан көрсетесіз", "Тәпт-тәтті балапандар", - деп жазуда көпшілік.
Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927845-qos-ulymen-tusken-suretin-zariyalagan-moldir-auelbekova-eldi-suisindirdi-foto/

pixel