Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаныңнан табылатын адамың бар": Ақбота Сейітмағамбеттің жазбасы талқыға түсті

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет желіде әсерлі жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Актриса тағы да махаббат тақырыбын көтерді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram парақшасында жаңа жазбасын бөлісіп, елдің қызу талқысына түсті. Ажырасып кеткен әнші жанынан табылатын адам жайлы жазып, қалың көпшілікті ойландырып қойды.

"Жүзінде нұр бірақ көзіңде мұң бар. Соған қарағанда маған айтарың бар. Сырыңмен бөліскенді қалайтын. Уайымдама! Жаныңнан табылатын адамың бар", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары бірден жалғызбасты ананы сұрақтың астына алды. Олар аталмыш жазбаның кімге арналғанын білгісі келді.

"Бақытты болуға лайықтысың. Алла бағыңды ашсын", "Сүйкімді екенсің", "Мына жазбаға қарағанда біреу пайда болған секілді ғой", "Кімге арнап жаздыңыз", "Өміріңізде махаббат пайда болғанға ұқсайды. Құлпырып жүрсіз", "Өте сұлусыз", "Сізге де жолығар жақсы адам", "Недеген әсерлі", "Махаббат жайлы көп айтып кеттіңіз. Тезірек серігіңізді жолықтырыңыз", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927846-zanynnan-tabylatyn-adamyn-bar-aqbota-seiitmagambettin-zazbasy-talqyga-tusti/

pixel