Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы: Кеше ғана елдің аузында жүрсең, үш күннен соң ұмыт боласың

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жаңа жазба жариялап, өмір жайлы ой толғауымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарына барынша ашылып, өмірге қатысты жан сырын ақтарды. Ақпарат өкілі көпшілікке отбасымен бақытты болуды тіледі.

"Өмір - өзен. Бір орында тұрмайды. Кеше ғана елдің аузында жүрсең, үш күннен соң ұмыт боласың. Талқыланатын басқа тақырып табыла кетеді. Сондықтан басқа түскен жағдай да уақытша. Өтеді де кетеді. Бастысы барлығы отбасымен, бала-шағасымен бақытты болсын", - деп жазды ол.

Желідегілер тележүргізушінің ойымен келісіп, оған да өз ақ тілектерін білдірді.

"Әмин, дұрыс айтасыз", "Шынымен отбасының амандығына жетер еш нәрсе жоқ", "Бәріміз бақытты болайық", "Сізге де сол тілек. Балапандарыңыз аман болсын", "Бастысы отбасы ошақ қасымыз аман болсын, тыныштық болсын", "Сіз де аман-есен елге оралыңыз", "Аспанымыз ашық, туғандарымыз аман болсын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927847-laila-sultanqyzy-kese-gana-eldin-auzynda-zursen-us-kunnen-son-umyt-bolasyn/

pixel