Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәкен Майғазиев Шымкенттегі лауазымды қызметінен босатылды

Опубликовано:

Әнші
Фото: Instagram/saken_maigaziyev

Қазақстандық белгілі әнші, "МузАрт" тобының орындаушысы Сәкен Майғазиев басшылық қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақпаратты Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы әлеуметтік желісіндегі парақшасында растап отыр.

"Майғазиев Сәкен Қордабайұлы шығармашылық жұмыстардың қарқын алуына байланысты "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК директоры лауазымынан жеке өтініші бойынша өз еркімен босатылды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мәжілістің бұрынғы депутаты, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927898-saken-maigaziev-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel