Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ батыры": Тәуекел Мүсілімнің жаңа видеосы желіні жарды

Опубликовано:

Қазақи образдағы Тәуекел Мүсілім
Фото: Instagram/mussilim

Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім желіде ерекше видеосымен бөлісіп, елдің ыстық ықыласына бөленді. Өнер иесі бұл жолы қалың көпшілікке қазақ сарбазының образын паш еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім Instagram парақшасында белсенділік танытып, жаңа видеосын бөлісті. Бейнежазбада шоу-бизнес жұлдызының заманауи стильден бұрынғы қазақ сарбаздарының образына еніп кеткенін көруге болады.

Өнер иесінің бұл жазбасы желідегілер арасында жылы қабылданып, түрлі пікірлерге ие болды. Олардың басым көпшілігі актерге мақтау сөздерін жаудырып, оған аса қатты тәнті болған.

"Досым, керемет видео", "Жарайсың, нағыз қазақ батыры", "Қазақ сарбазы", "Рухтандырып жіберетін видео екен", "Қазақша стильмен өте әдемі шыққан", "Сөз жоқ", "Қандай сымбаттысың", "Тренд деп осыны айту керек", "Қандай сәтті шыққан видео", "Бір секундта қазақ батыры болып шыға келді", "Керемет ойлап тапқансың. Сенімен мақтанамыз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928112-qazaq-batyry-tauekel-musilimnin-zana-videosy-zelini-zardy/

pixel