RU

"Өз адамыңды кездестірдің": Әйелімен суретке түскен Дидар Кәден елді тәнті етті

Дидар Кәден әйелімен
Фото: Instagram/didarkadenkz

Отандық танымал әнші әрі сазгер Дидар Кәден келіншегімен түскен суретін жариялап, елді тәнті етті. Оқырмандар ерлі-зайыптылардың өзара ұқсастығын байқап, оларға жылы лебіздерін білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дидар Кәден аталмыш фотосын Instagram парақшасында бөлісті. Суретте өнер иесінің әйелі Лейламен тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары құшақтасып тұрған жас жұбайларға сүйсіне қарап, оларға өз ақ тілектерін жаудырды. Оқырмандардың сөзінше, әнші нағыз өз адамын кездестірген.

"Бақытты болыңдар", "Нағыз өз адамыңды кездестірдің. Махаббаттарың баянды болсын", "Түрлеріңіз ұқсайды екен", "Бір-біріңізге қатты ұқсайсыздар", "Ағалы-қарындас секілді айнымай қалғансыздар", "Бақытты болыңыздар. Енді сәбилі болуды нәсіп етсін", "Алла баянды ғұмыр берсін сіздерге", "Шын бақытты ерлі-зайыптылар бір-біріне қатты ұқсайды дейді ғой", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928119-oz-adamyndy-kezdestirdin-aielimen-suretke-tusken-didar-kaden-eldi-tanti-etti/