Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова: Көлікпен аударылғанда бел омыртқам шытынап сынды

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова денсаулығы сыр бергенін айтты. Өнер иесі өзі тап болған жол-көлік оқиғасынан кейін дұрыс ем алмаған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова жанкүйерлеріне ағынан ақтарылып, бүгінде денсаулығы өзін мазалап жүргенін жеткізді. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында жол апатына түскен кезін есіне алып, оның зардаптары туралы айтты.

"Подводная вытяжка позвоночника қай жерде бар кім біледі. 7-8 жыл бұрын көлікпен аударылғанда бел омыртқам шытынап сынса да емделмей жүре беріп едім. Енді көп жылдан кейін мазалап жатыр", - деп жазды әнші.

Байырбекованың бұл жазбасы бірден қалың көпшілікті алаңдатып қойды. Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау білдіріп, оған денсаулығын дереу қолға алу керектігін айтты.

Әртістің жанкүйерлері оның тез сауығып кетуін тілеп, емделу үрдісіне қатысты түрлі кеңестерімен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928158-zazira-baiyrbekova-kolikpen-audarylganda-bel-omyrtqam-sytynap-syndy/

pixel