Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әркімге өзі көтере алатын сынақ береді": Әбдікәрімова Жұлдыз Өмірғали туралы ойын айтты

Опубликовано:

Жұлдыз Өмірғали қызы мен Жұлдыз Әбдікәрімовамен
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық танымал актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова Айқын Төлепбергеннің әйелі туралы қандай ойда екенін ашық айтты. Ол Жұлдыз Өмірғалимен жеке сырласып, оның бойынан үлкен қайсарлықты байқаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова отандық телеарналардың біріндегі жоба аясында Жұлдыз Өмірғалимен танысып, оны жақын тани түскен. Қайрат Нұртастың келіншегі өзімен аттас ару жайлы пікірімен Instagram парақшасында бөлісті.

Ол Айқынның жары өте ақжарқын адам екенін алға тартты.

"Екі Жұлдыз бен Айя. Жұлдызбен жақыннан танысып, шын мәнінде өте ақжарқын, аузын ашса жүрегі көрінетін жан екенін түсіндім. Әркімге өзі көтере алатын сынақ береді. Бастысы сынып кетпеу. Талдырмаш бойында сондай күш-жігер мен қайсарлық бар. Жарқыра", - деп жащды Әбдікәрімова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928394-arkimge-ozi-kotere-alatyn-synaq-beredi-abdikarimova-zuldyz-omirgali-turaly-oiyn-aitty/

pixel