Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әндемиядан кейінгі алғашқы әнім": Ерке Есмахан су жаңа бейнебаянын ұсынды (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан тыңдармандарын жаңа туындымен қуантты. Өнер иесі көпшілікке жаңа әнмен қатар, оған түсірілген бейнебаянды да ұсынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан араға біраз уақыт салып, шығармашылығын қайта қолға алды. Әнші ару су жаңа ән шығарып, оған бейнебаян таспалап тастады. Ол шығармашылығындағы жаңалықтарымен Instagram парақшасында бөлісті.

Өнер иесі тыңдармандарына жұмысына қатысты шынайы пікір білдіруін сұрады.

"Араға ұзақ уақыт салып, менің кезекті әнім мен оған түсірілген клип шықты. Алақай. Бұл - әндемиядан кейінгі алғашқы әнім. Енді арасы ұзамай әндер жазылып, клиптер шығарылып тұрады деп ойлаймын. Айтпақшы, клип 3 ай бұрын түсірілді. Бірақ, Алла бүгін шығуды бұйырып тұр екен. Достар, жаңа бейнебаян мен жаңа ютуб арна болғандықтан, сіздердің пікірлеріңіз өте маңызды. Менің парақшамның био-сындағы сілтемеге өтіп, тамашалауға шақырам. Мақтау, тілек, сынау, жамандау, алғыс, өсек, әңгіме - бәрін оқуға дайынмын", - деп жазды Ерке Есмахан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928398-andemiyadan-keiingi-algasqy-anim-erke-esmaxan-su-zana-beinebayanyn-usyndy-video/

pixel