Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сейфуллин Жолбарыс жұбайына тосынсый жасап, туған күнімен құттықтады (фото)

Опубликовано:

Сейфуллин Жолбарыс
Сейфуллин Жолбарыс жұбайы Екатеринамен. Фото: instagram.com/s_zholbarys_official/

Сейфуллин Жолбарыс жұбайы Екатеринаның туған күнінде тосынсый жасады. Ол сүйіктісін қонақүйге шақырып, бөлмесін гүл шоқтарымен әсемдеп қойған, деп жазады "Экспресс К" басылымы.

Басылымның жазуынша, композитор өмірлік жарының туған күнін айрықша атап өткен.

Бастапқыда ол сүйіктісін мейрамханаға апарып, артынша бес жұлдызды қонақүйге апарған.

Әнші гүл шоқтарына тапсырыс беріп, олармен қонақүй бөлмесін әсемдеп қойған. Жарының мұндай ілтипатына қатты қуанған Екатерина болса, өзінің Instagram желісіндегі парақшасына қонақүйден сурет жолдап, Сейфуллин Жолбарысқа алғысын жаудырды.

"Гүл мен жылы лебіздеріңіз үшін рақмет! Мұндай ілтипатқа лайық деп санағандарыңыз үшін рақмет", - деп жазды ол.

Еске салсақ, Екатерина мен Сейфуллин Жолбарыс екеуі екі қызды тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928406-seifullin-zolbarys-zubaiyna-tosynsyi-zasap-tugan-kunimen-quttyqtady-foto/

pixel