Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынбек Қабатов: Адам алдында да, Алла алдында да арым - таза

Опубликовано:

Тұрсынбек Қабатов
Тұрсынбек Қабатов. Фото: "Елорда Инфо"

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов атышулы ҰБТ дауына қатысты желіде жазба жариялады. Ол өзін қолдағандарға алғыс айтып, өзінің ары таза екенін тағы бір мәрте қайталады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қадірлі достар, осы апта біздің отбасымыз үшін оңай болған жоқ. Ең қиыны жаныңды ауыртатын жалаға қалуың екен. Адамның алдында да, Алланың алдында да арым— таза! Алдағы уақытта құқық қорғау органдары дүйім жұртқа ақ-қарасын ашып айтады деп ойлаймын. Осындай жүрек-жүйкеңе салмақ түскен кездерде маған сеніп, қолдау білдірген аға-буыр, әпке-қарындастарыма және оқырмандарыма алғыс айтамын!", - деп жазды ол.

Еске салсақ, Бұған дейін әлеуметтік желіде танымал заңгер Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемінің орнына жалған құжатпен өзге біреу тест тапсырды деген ақпарат таратқан болатын. Бұл әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырыпы, көптеген қоғам белсенділері әзілкешті жазаға тартуды талап етті.

Көп ұзамай бұл дау турасында Тұрсынбек Қабатов түсініктеме берді. Ол қызының орнына ҰБТ-тыны өзге адам тапсырғанын растады, алайда айтуынша, ол бұл туралы мүлде бейхабар болған.

Артынша түлектерді ұлттық тестілеуге дайындайтын орталықтың репетиторы 31 арнаға сұқбат беріп, болған жайтқа түсінік берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928415-tursynbek-qabatov-adam-aldynda-da-alla-aldynda-da-arym-taza/

pixel