Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тірімін": Ауғанстандық танымал әнші қыз тәліптерден қалай қашып құтылды

Опубликовано:

Ариана Саид
Ариана Саид. Фот: instagram.com/aryanasayeedofficial/

Ауғанстанның танымал әншісі 36 жастағы Ариана Саид тәліптерден америкалық әскери ұшақпен қашқандар қатарында болған. Ол өзінің Instagram парақшасында ұшақ ішінде түскен суретін жария етті, деп жазады Woman Journal.

Daily Mail басылымының жазуынша, Ариана Саид Ауғанстанның танымал әншісі. 36 жастағы өнер иесінің Instagram желісінде 1,3 миллион жазылушысы бар. Ол "Голос" байқауының жергілікті нұсқасында әділ қазылар алқасы қатарында болған. Сонымен бірге, елдегі легитимділікті қолда, ашық түрде мәлімдемелер жасаған.

Ал тәліптер Кабулды басып алғаннан кейін әнші америкалық әскери ұшақпен қашқандар қатарында болған.

Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында ашық жазып, тіпті суреттерін де жариялаған.

"Менде бәрі жақсы. Тірімін. Ұмытылмас үш түнді өткізіп, Катардағы Дохаға да жеттім. Енді үйіме, Стамбулға ұшамын. Үйге барып, көрген адам сенгісіз барша қиындықтарды артқа тастап, өз-өзіме келемін. Көп нәрсені әлі де айтатын боламын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928446-tirimin-auganstannyn-tanymal-ansi-qyzy-talipterden-qalai-qasyp-qutylganyn-aitty/

pixel