Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаншама жас төгілді": Әсел Асқар күйеуімен неліктен қосылмай жүргенін ашық айтты

Опубликовано:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Фото: instagram.com/assel.askar/

Жуырда ғана ажырасқанын мәлімдеген Әсел Асқар бұрынғы жарымен неге қосылмай жүргенін айтып, ағынан жарылды. Ол өзінің Instagram желісінде жазба қалдырып, не істерін білмей жүргенін ашық айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тағы да сеніп қалудан қорқатынын мәлімдеген Әсел Асқар қазіргі таңда өте қиын жағдайды бастан кешіріп жатқанын және желідегі оқырмандарының қолдауына мұқтаж екенін жасырмады.

"Өздігімнен шешім қабылдау оңай болмай жатыр. Бұл, бәлкім менің қазіргі күйіме байланысты шығар. Бірнеше ай бойы ол қосылайық деп қысым көрсетіп жатыр. Қаншама жас төгіліп, қанша сағатымыз кетті. "Жек көремін", "Енді көргім келмейді", "Мені жайыма қалдыр" деген қаншама ауыр сөздер айтылды. Бірақ, уақыт емші екен. Уақыттың арқасында жағдайға басқа көзқараспен қарауға болады. Бірақ пікірім әр 5-6 сағат сайын қайта өзгереді. Ең негізгі себеп - сенімсіздік. Ал қосылуға итермелейтін себеп - бірге өткізген күндердің естелігі", - деді ол.

Айтуынша, оның бұрынғы жары қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін барын салуда.

"Осы екі жарым ай ішінде ол бәрін жөндегісі келеді. Келеді, кетеді, ашуланады, түнде тереземнің алдында тырады. Менің жұмсара қоймайтынымды көрген соң, қайта ашуланады. Өзінің қиналып жүргенін, анасын жоғалтқанын айтады. Осы себептен мен оны тыңдап, кейде жұмсарамын", - деген ол өз де қиналып жүргенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928457-qansama-zas-togildi-asel-asqar-kuieuimen-nelikten-qosylmai-zurgenin-asyq-aitty/

pixel