RU

Белгісіз арумен көзге түскен Нұрболат Абдуллин қызу талқыға қалды (фото)

Нұрболат Абдуллин бейтаныс арумен
Фото: Instagram/nurbullin

Қазақстандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин желіде бейтаныс арумен түскен суретін жариялап, елді қызықтырып қойды. Желі қолданушылары отбасылы жұлдыздың қасындағы сылқымның кім екенін таба алмай әлек болуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин жұмбақ арумен түскен фотосын Instagram парақшасында бөлісті. Суретте өнер иесінің табиғат аясында белгісіз бикешпен қол ұстасып тұрғанын көруге болады.

Алайда, әншінің қасындағы сылқымның түрі көрінбейді. Фотоларда ол арқасымен тұрып алған.

Желі қолданушылары Абдуллиннің суретін бірден қызу талқылап, оны сұрақтың астына алды. Қалың көпшілік эстрада жұлдызының қасындағы арудың кім екенін білгісі келді.

Оқырмандардың басым көпшілігі фотодағы бикешті әнші Мадина Сәдуақасоваға ұқсатты.

"Қасыңыздағы кім? Жарыңыз ба", "Недеген сурет. Романтика ғой", "Махаббатқа толы фото екен", "Бұл Мадина ма? Фигурасы ұқсайды екен", "Мадина Сәдуақасова секілді. Киімі де дене бітімі де", "Соңғы кезде жұмбақ жазбалар көбейіп кетті", "Елді қызықтырып қойдың. Енді айтсаңызшы кім екенін", "Қасыңыздағы жарыңыз болмаса, кім болғаны?", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928460-belgisiz-arumen-kozge-tusken-nurbolat-abdullin-qyzu-talqyga-qaldy-foto/