Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы: Өмірде қиындық көрмеген жан бұл дүниенің қадірін біліп жарытпас

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші желіде кезекті жазбасын жариялап, бой жетіп қалған қыздарға өзінің келелі кеңесін берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісінде бойжеткендерге жазба арнап, оларға болашақ жар таңдауда қалай қателеспеуге болатынын айтты. Ақпарат өкілі қандай адамдардан аулақ болу керектігін түсіндіріп берді.

"Бой жетіп қалған қыздарыңыз болса, оқысын! Бөлісіп қойыңыздар! Белгілі журналист, қоғам белсендісі марқұм Қуандық Шамахайұлының қызына айтқаны екен: Қызым, саған айтамын, сен өзің тыңда:
  • Таңғы ұйқысын қимайтын жігітпен тұрмыс құрмағын! Азандағы жалқаулық түс ауғанда шабыт әкелмес.
  • Қарынды жігітке назар аудармағын! Өзін тежей алмаған адам, өзгеге қамқор бола алмас.
  • Ашуланғанда қолына не түссе соны лақтыратын адаммен бас қоспағын! Бүгін ол зат лақтырса, ертең сені де лақтырады.
  • Ата-анасының бетінен алатын жігіттен аулақ жүргін! Оларды аямаған адам сені тіпті де оңдырмас.
  • Жайбасар ынжықтан аулақ болғын! Бүкіл тірлікті саған жүктеп, өзі бейғам отыра берер.
  • Құрбыларыңның көзінше зекитын жігітке жоламағын! Түкке тұрмайтын сылтаумен сені тастап кете беруі мүмкін.
  • Әркімге жарамсақтанған жағымпаздардан іргені аулақ салғын! Ондайлардың әр қатынасы үшін қорланып жүрерсің.
  • Саған үнемі өзі бірінші болып, хабарласпайтын адамға жоламағын! Шынайы махаббат шақырусыз-ақ өзі келеді.
  • Көңілің барынша толмайтын адамға тұрмысқа шықпағын! Кейде онсыз тұра алмаймын деген адамынан да ажырасатын кез өмірде бола береді.
  • Болып-толған адамға ешқашан сенбе! Өмірінде қателеспеген, қиындық көрмеген жан бұл дүниенің қадірін біліп жарытпас. Дегенмен, қызым! Жаны жайсаң, ниеті таза, ақ адал адамды танып, тапсаң - көңілін қалдырма, оны кеудеден итерме", - деп жазды Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928617-lalia-sultanqyzy-omirde-qiyndyq-kormegen-zan-bul-dunienin-qadirin-bilip-zarytpas/

pixel