"Күтпеген жағдай": Блогер Жанабыловтың отбасы тағы бір сәбимен толықпақ (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал блогер Ерболат Жанабылов жақында үшінші мәрте әке атанбақ. Қуанышты жаңалықты желі жұлдызының өзі бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерболат Жанабылов барша оқырмандарының болжамын толықтай растап, әйелі екеуі үшінші сәбиін күтіп жүргендерін хабарлады. Бұл жаңалықты ол өзінің Instagram парақшасында жария еткен.
Белгілі болғандай, жұлдызды жанұя желтоқсан немесе қаңтар айында тағы бір сәбимен толықпақ. Блогерлер тіпті болашақ перзентінің жынысын әзірге білмейтіндерін айтты.
"Иә, иә, иә, Мен үшінші мәрте әке боламын. Бұл күтпеген жағдай болды. Сома бір күні мені қатты таңғалдырды. Мен сондай бақытты болдым. Жынысын әзірге білмейміз. Үйге келген бойда гендер-пати жасайтын боламыз. Сәбиіміз жаңа жылға қарай желтоқсан немесе қаңтар айында дүниеге келу керек", - деп жазды ол.
Айта кету керек, бұл ерлі-зайыптылардың үшінші баласы болмақ. Бүгінде олар екі ұл баланы тәрбиелеп отыр.
Желі қолдаунышары жұлдызды жұпты бірден құттықтап, оларға ақ тілектерін жаудырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928677-kutpegen-zagdai-bloger-erbolat-zanabylovtyn-otbasy-tagy-bir-sabimen-tolyqpaq-foto/