Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған автокөлік те қызық емес": Елуге толған Түсіпбаева сүйіктісінен қандай сыйлық алды

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: ашық дереккөздерден алынды

Жуырда ғана елу жасқа толған Меруерт Түсіпбаева өзінің сүйіктісі мерейтойына қандай сыйлық жасағанын айтып берді. Бұл туралы ол "Алматы" телеарнасының Paparazzi бағдарламасына берген сұқбатында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әншінің айтуынша, оның туған күніне көптеген сыйлық келген. Алайда қазіргі таңда ол материалды байлыққа қызықпайды. Тіпті сүйіктісі туған күніне сыйға тартқан ең соңғы үлгідегі телефонын ол әлі ашып, қолданбапты да.

"Сүйіктім бар. Ол маған ең соңғы үлгідегі телефон сыйға тартты. Сосын алтын әшекей. Туған күніме қонақ шақырдым ғой, соған шығындандым. Соның бәріне ол кісі демеу жасады. Бірақ мен дәл қазіргі уақытта ешнәрсеге қызықпаймын. Маған автокөлік сыйласа да, қызық емес. Мен үшін материалды дүниенің қызығы жоғалды. Мен қазір сондай кезеңді бастан кешіріп жатырмын", - деді ол.

Айтуынша, ол үшін дәл қазіргі уақытта рухани құндылықтар маңыздырақ. Бұл ретте өнер иесі әр әйелдің бақытты болуды қалайтынын айтты.

Сондықтан, жолы ауыр - өнерде жүрген әнші қыздардың бақытты болуға деген ұмтылысына сөге қарамауды сұрады.

"Біздің әріптестерімізге тиісіп жатады ғой, "күйеуге шыққыш екенсің" деп. Бірақ әр әйел бақытты болғысы келеді. Ол әнші ме, күйші ме, биші ме. Сондықтан бес рет күйеуге шықса да, әбестік көрмеймін. Бақытты болса болды емес пе, бастысы?!", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928804-magan-avtokolik-te-qyzyq-emes-eluge-tolgan-tusipbaeva-suiiktisinen-qandai-syilyq-aldy/

pixel