Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин тағы бір бейтаныс арумен көзге түсті (фото)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин бейтаныс арумен
Фото: Instagram/nurbullin

Отандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин желіде белгісіз арумен түскен кезекті фотосын бөлісіп, жанкүйерлерін тағы да ойландырып қойды. Қалың көпшілік өнер иесі сонша жасырып жүрген жұмбақ қыздың кім екенін біле алмай әлек болуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин Instagram желісін тағы да бір мәрте шулатты. Эстрада жұлдызы өз парақшасында белгісіз бикешпен түскен кезекті фотосын жариялап қойған.

Бұл жайт бірден желі қолданушыларының назарына ілігіп, олардың арасында қызу талқы тудырды.

Олар әншінің қасындағы аурдың кім екенін қатты білгісі келіп, оны сұрақтың астына алған. Алайда, Абдуллин әзірге бұл құпиясын бөлісуге дайын емес көрінеді. Әртіс мұндай сауалдарды жауапсыз қалдыруда.

"Бұл аруды өзі көреміз ба?", "Түрін қашан көрсетпек ойыңыз бар", "Біздің шыдамымызды сынап жатырсыз ба", "Кім болғаны екен? Бұл жолы өз келіншегі секілді", "Нұрболат қасыңдағы қыз кім? Ол саған кім болып келеді?", "Мына қыздың түрiн көру арман боп кететiн болды ғой", "Бұл кісінің әйелі де сұлу. Көз тиеді, көрсетпеңіз", "Әдейі күйдіріп елді", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928810-nurbolat-abdullin-tagy-bir-beitanys-arumen-kozge-tusti-foto/

pixel