Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талаптары ұнаған жоқ": Меруерт Түсіпбаева сүйіктісіне тұрмысқа шығудан бас тартқан

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva_/

Отандық эстрада әншісі Меруерт Түсіпбаева осы уақытқа дейінгі сұқбаттарында өзінің тұрмысқа шығып, әйел ретінде бақытты болғысы келетінін бірнеше мәрте жеткізген. Алайда әншінің бұл арманы әзірге орындала қойған жоқ. Десек те, әнші үйленуге ұсыныс жасаған сүйіктісінің бетін қайтарып тастаған. Оның себебін өнер иесі "Алматы" телеарнасының Paparazzi бағдарламасында айтып берді.

"Иә, мен тұрмысқа шыққым келді. Бірақ ол кісінің маған қойған талаптары менің бүгінгі күнгі ойыма, өмір сүру дағдыма сәйкес келген жоқ. Ол кісіні жақсылап тыңдадым, бірақ талаптары ұнаған жоқ. Мен ойымды еркін айтатын, ешкімнен тайсалмайтын адаммын. Атым бар, затым бар. Өзімнің үй-жайым бар. Солай жүрген адамды бір қалыпқа салып, "болды, сен осы кісінің әйелісің" деуге болмайды. Тіпті өнерден де бас тартуға тура келетін сияқты болды", - дейді Меруерт Түсіпбаева.

Осылайша, сүйген адамының некелі жұбайы болудан бас тартқан Түсіпбаева жаңа өмірге дайын еместігін жеткізген.

"Біз бір-бірімізбен ашық сөйлестік. Мен "Осы жағдайдың бәрін осы қалыпта қалдырайық. Мен өмірімді өзгертуге дайын емеспін", - дедім. Бәлкім, мен жалғыздықтан шаршаған шығармын. Бәлкім, тұрмысқа шыққым келетін шығар. Себебі, менің әріптестерім екінші, тіпті үшінші реттен тұрмыс құрып жатыр ғой", - деді ол.

Десе де, әнші қазіргі таңда жаны тыныштықты қалайтынын және материалдық байлықтан гөрі, рухани құндылықтарды биік қоятынын да жасырмады.

Еске салсақ, мәдениет қайраткері жуырда ғана елу жасқа толып, мерейтойын атап өткен болатын. Ол сүйген адамы туған күніне бағалы сыйлықтар жасап, қуантқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928837-talaptary-unagan-zoq-meruert-tusipbaeva-suiiktisine-turmysqa-sygudan-bas-tartqan/

pixel