RU

"Қолмен кір жуа алады": Ләйлә Сұлтанқызы ұлдары жайлы айтып берді

Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарымен
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарына қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Ақпарат өкілі ұлдарының қолынан не келетінін және олардың неден қорқатынын айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында оқырмандарына барынша ашылып, ұлдары жайлы тың ақпараттармен бөлісе кетті. Тележүргізуші оларға қатысты қызықты фактілерді тізіп шықты.

  • "Ана ретінде балаларым туралы ақпарат берейін. Қай лига болмасын бүкіл футболистің аты-жөнін, биографиясын біледі.
  • Циркті ұнатпайды.
  • Қолмен кір жуа алады.
  • Ешқашан зоопаркке бармаған.
  • Екеуі де парашютпен секірген.
  • Компьютерлік ойындарда киперспорттан мықты ойыншылар.
  • Еш уақытта редиска жемейді.
  • Жазғы аяқ киімнен сандали кигенді ұнатады.
  • Тарақаннан қорқады.
  • Жеті атасын біледі", - деп жазды ол.

Алайда, Сұлтанқызының айтуынша, бұл келтірілген мәліметтердің ішінен үшеуі жалған екен. Ақпарат өкілі оларды табуды өз оқырмандарына тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928850-qolmen-kir-zua-alady-laila-sultanqyzy-uldary-zaily-aityp-berdi/