Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішкі жан дүнием өзгерісті қалап тұр": Сәдуақасова елге жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде өз сырымен бөлісіп, ішкі жан дүниесін өзгерткісі келіп жүргенін ашық айтты. Ол үшін өнер иесі өз жанкүйерлерінен рұқсат сұрауды жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова соңғы уақытта желідегі аудиториясына аса жақын болып жүр. Эстрада жұлдызы өмірі мен шығармашылығында болып жатқан жаңалықтарымен бірден Instagram желісінде бөлісетін болған. Ол жанкүйерлерінен еш нәрсе жасырмай, басынан өтіп жатқан жағдайларды еш бүкпесіз ақтаруда.

Бұл жолы өнер иесі көпшілікке ішкі жан дүниесіне өзгеріс енгізгісі келетінін жеткізді. Олай істемес бұрын ол көпшіліктің рұқсатын алуды шешкен.

"Ішкі жан дүнием өзгеруді, өзгерісті қалап тұр. Жүз пайызға. Айналамдағы адамдар “ тиіспе, жолама, құртасын “ деп жатыр. Ал мен, жас музыканттармен, жаңа стилисттермен, фотограф , режиссерлармен "аттың басын" жіберіп, заманауи нәрселер жасай бастасам менен "шошымайсыздар ма?". Бастамай тұрып өз оқырмандарымнан, сіздерден сұрап алғым келіп тұр", - деді әнші.

Сәдуақасованың бұл сөздерінен кейін желі қолданушыларының пікірі екіге бөлініп кетті. Бірі оның жаңашылдыққа деген ұмтылысына тәнті болып, оны толығымен қолдады. Ал кейбірі керісінше оған өзін тым өзгертудің қажеті жоқ екенін айтуға тырысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928856-iski-zan-duniem-ozgeristi-qalap-tur-saduaqasova-elge-zan-syryn-aqtardy/

pixel