Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан мен A.Z Шымкентте вакцина салдырды (фото)

Опубликовано:

Ерке мен A.Z
Фото: Шымкент қалалық ДСБ

Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан мен 91 тобының экс-солисі Азамат Зенкаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұлдызды жұп екпе салдыру үшін Шымкент қаласындағы №3 емханаға келген. Алдымен олар емханада дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қарсы көрсетілімдері жоқ болған соң Sinopharm компаниясының “Vero Cell”вакцинасын салдырған.

“Шым қалада, осы емханада вакцина салдырамын деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Бірақ бұйырғаны болады”, -дейді вакцина салдырған Ерке Есмахан.

"Сақтықта қорлық жоқ" дегенді ұстанатын Ерке Есмахан медициналық масканы тастамайтынын да айтып өтті. Ол қауіпті инфекциядан қорғану үшін қазақстандықтарды екпе салдыртуға шақырды.

Еске салайық, Ерке Есмахан тыңдармандарын жаңа туындымен қуантты. Өнер иесі көпшілікке жаңа әнмен қатар, оған түсірілген бейнебаянды да ұсынды. Ол тыңдармандарына жұмысына қатысты шынайы пікір білдіруін сұрады.

"Араға ұзақ уақыт салып, менің кезекті әнім мен оған түсірілген клип шықты. Алақай. Бұл - әндемиядан кейінгі алғашқы әнім. Енді арасы ұзамай әндер жазылып, клиптер шығарылып тұрады деп ойлаймын. Айтпақшы, клип 3 ай бұрын түсірілді. Бірақ, Алла бүгін шығуды бұйырып тұр екен. Достар, жаңа бейнебаян мен жаңа ютуб арна болғандықтан, сіздердің пікірлеріңіз өте маңызды. Менің парақшамның био-сындағы сілтемеге өтіп, тамашалауға шақырам. Мақтау, тілек, сынау, жамандау, алғыс, өсек, әңгіме - бәрін оқуға дайынмын", - деп жазды Ерке Есмахан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928912-erke-esmaxan-men-az-symkentte-vakcina-saldyrdy-foto/

pixel