Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Дидар Кәденнің үйлену тойы қалай өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Дидар Кәден әйелімен
Фото: Instagram/rakhmanomar

Отанық танымал әнші әрі сазгер Дидар Кәден екінші мәрте шаңырақ көтерді. Өнер иесінің таңдауы Лейла есімді аруға түскен. Күні кеше жастардың үйлену тойы өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дидар Кәденнің үйлену тойы Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Шоу-бизнес жұлдызының қуанышына туған-туыстары мен өнердегі барша достары келген.

Олардың арасында Әли Оқапов, Ақерке Бүркітбаева, Диас Аблаев, Нұржан Әбубәкір, Ayree, "Музартlife" тобы және тағы да басқалары бар. Жұлдыздар досының қуанышына ортақтасып қана қоймай, думанды шарада өз өнерілерін де көрсеткен.

Жас жұбайлардың тойы қалай өткенін қонақтардың әлеуметтік желілерінен көруге болады. Олар ерлі-зайыптылардың мерекелік шарасынан фото және видеолармен белсенді түрде бөліскен.

Сондай-ақ, үйлену тойда отандық өнер саласының аға буын өкілдері де бой көрсетті. Олар: Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, Сәбит Әбдіхалықов, Азамат Сатыбалды, Рахман Омар және тағы да өзге әртістер.

Желі қолданушылары жастарды шын жүректен құттықтап, оларға ақ тілектерін жаудырды.

Дидар Кәденнің үйлену тойы
Скриншот: Instagram/didarkadenkz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928964-ansi-didar-kadennin-uilenu-toiy-qalai-otti-foto-video/

pixel